Қылмыстың кез келген түрі адам өмірі мен қоғам тыныштығына қауіп төндіреді. Соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық – тек бір отбасының ішкі мәселесі емес, бүкіл қоғамға әсер ететін әлеуметтік проблема.
Тұрмыстық жанжалдың соңы ауыр құқықбұзушылыққа немесе қылмысқа ұласуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайларға «отбасылық мәселе» деп немқұрайлы қарау дұрыс емес. Зорлық-зомбылықтың алғашқы белгілерінің өзінде тиісті көмекке жүгіну – қауіптің алдын алудың маңызды жолы.
Қылмыспен күресте жазалау шараларымен қатар профилактикалық жұмыстардың маңызы зор. Құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтарға өз құқықтарын түсіндіру, отбасылармен әлеуметтік және психологиялық жұмыстар жүргізу – қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді.
Алтынай СЕЙІТКЕН

