Перейти к содержимому
Главная страница » Алатау қаласында заң мен тәртіп қағидаты жүйелі түрде жүзеге асырылуда

Алатау қаласында заң мен тәртіп қағидаты жүйелі түрде жүзеге асырылуда

Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Осы бағытта Алатау қаласында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының бірлескен жұмысы күшейтілуде. Халық арасында түсіндіру кездесулері ұйымдастырылып, құқықбұзушылыққа әкелуі мүмкін жағдайлардың алдын алуға ерекше мән берілуде.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға жол бермеу, жол қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз ету бағыттарында профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.

«Заң мен тәртіп» қағидаты – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Заң талаптарын сақтау, өз құқығы мен міндетін білу, қоғамдық тәртіпке құрметпен қарау – қауіпсіз әрі қолайлы ортаны қалыптастырудың маңызды негізі.

Алатау қаласында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылады.

Заң үстемдігі – тұрақтылықтың кепілі. Қоғамдық тәртіп – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Айдын МАҚПЫР,

Алатау қалалық мәслихат депутаты