Перейти к содержимому
Главная страница » Жаңа Қазақстанды жарқын болашаққа бастайды

Жаңа Қазақстанды жарқын болашаққа бастайды

жаңа конституция


Қазақстанның жаңа Конституциясының күшіне енуі – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды кезең. Бұл тарихи шешім мемлекетіміздің демократиялық қағидаттарға негізделген даму жолын айқындап, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған реформалардың бастамасына айналды.
Ата Заңдағы жаңашылдықтар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. «Конституцияның басты мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау. Сондықтан әрбір азамат Конституция талаптарын құрметтеп, елдің өркендеуіне өз үлесін қосуы қажет. Бірлік, әділеттілік, жауапкершілік және еңбекқорлық секілді құндылықтар қоғамның дамуына негіз болады. Осындай ұстанымдарды сақтай отырып, біз жаңа Қазақстанның жарқын болашағын бірге қалыптастырамыз», – дейді Талғар аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ахат Солтанқұлов.

Ерзат АСЫЛ