Перейти к содержимому
Главная страница » Жауапкершіліктің маңызы зор

Жауапкершіліктің маңызы зор

Әлеуметтік желі – ақпарат алмасудың тиімді құралы. Алайда онда жазылған әр сөздің жауапкершілігі бар екенін ұмытпау керек. Тексерілмеген ақпаратты тарату, біреудің ар-намысына тиетін сөз жазу немесе жалған мәлімет жариялау адамдар арасында түсініспеушілік туғызуы мүмкін. Интернеттегі пікірталаста да мәдениетті сақтау маңызды. Өзгенің көзқарасымен келіспеген жағдайда қорлау немесе балағаттау мәселені шешпейді.
Әлеуметтік желіде жеке мәліметтерді жариялауға да мұқият болған жөн. Артық ақпарат алаяқтардың немесе басқа да теріс мақсаттағы адамдардың қолына түсуі мүмкін. Цифрлық кеңістіктегі мәдениет – қазіргі құқықтық мәдениеттің бір бөлігі. Интернеттегі әр әрекетімізге жауапкершілікпен қарасақ, виртуалды орта да қауіпсіз бола түседі.

Құралбек СӘБИТОВ