Перейти к содержимому
Главная страница » Тұрғындарға түсіндірді

Тұрғындарға түсіндірді

         Жамбыл ауданының Қарақыстақ ауылында «ЕЛТАНУ» жобасы аясында «Заң және тәртіп: құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау, құқықбұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананы қалыптастыру, адалдық құндылықтарын дәріптеу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту.

         Шараға ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – Қоғамдық келісім және даму орталығының аудандық бөлімінің басшысы Айман Кенженбаева, ауданның Құрметті азаматы, аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Тәңірберген Қасымберкебаев, аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция лейтенанты Айсұлтан Бақытұлы және Қарақыстақ ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Момынбек Құрымбайұлы қатысты.

         Кездесу барысында спикерлер құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастырудың, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын дәріптеудің, құқықтық сауаттылықты арттырудың және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін орнықтырудың маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың маңыздылығы туралы айтылды. Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы