Көлік жүргізу кезінде бір ғана қателіктің салдары орны толмас жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан жол қозғалысы қауіпсіздігі — жүргізушіге де, жаяу жүргіншіге де ортақ жауапкершілік.
Жолдағы қауіпсіздік ең алдымен қарапайым ережелерді сақтаудан басталады. Жылдамдықты белгіленген мөлшерден асырмау, бағдаршам талабын орындау, жаяу жүргіншілерге жол беру және көлік басқару кезінде телефонға алаңдамау — әр жүргізуші орындауы тиіс негізгі талаптар.
Жаяу жүргіншілер де жолдағы қауіпсіздікке жауапты. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өту, құлаққаппен немесе телефонға қарап қозғалу адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Балаларға жол ережесін үйрету де ерекше маңызды. Себебі жол қауіпсіздігі туралы түсінік балалық шақтан қалыптасады.
Жолдағы тәртіп — айыппұлдан қорқу емес, адам өміріне деген құрмет. Бір секундтық асығыстықтың орнына бірнеше секундтық сақтықты таңдаған дұрыс.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
