Бақбақты ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында тұрғындар арасында интернеттік алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық түрлері туралы түсіндірілді. Атап айтқанда, жалған қоңыраулар, әлеуметтік желілердегі күмәнді хабарламалар, жалған сілтемелер, банк картасының деректерін алдау арқылы иемдену және түрлі интернет-дүкендердегі алаяқтық әрекеттер туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, жеке мәліметтерді, банк картасының нөмірін, құпия сөздерді және SMS арқылы келетін растау кодтарын бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді. Күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз адамдардың қоңырауларына сақтықпен қарау және қандай да бір қаржылық операция жасамас бұрын ақпаратты мұқият тексеру жөнінде кеңестер айтылды.
Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану мәдениетін қалыптастыру және алаяқтық әрекеттердің алдын алу.
Қауіпсіздік – әр адамның өзінен басталады!
Кәмшат БЕРІКБАЙ, Балқаш аудандық жастар
ресурстық орталығының жетекшісі.
