Перейти к содержимому

Жастар және заң мәдениеті

39 қаралым

Қоғамның болашағы – жастардың қолында. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидатын жас ұрпақ арасында орнықтыру – аса маңызды міндет.

Қазіргі жастардың мүмкіндігі мол. Білім алуға, ақпарат іздеуге, әлемнің озық тәжірибесімен танысуға жағдай бар. Бірақ мүмкіндік көбейген сайын жауапкершілік те арта түседі. Әсіресе әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі мінез-құлық мәдениетіне ерекше мән берген жөн.

Экранның ар жағында отырып жазылған бір ауыз сөздің өзі біреудің ар-намысына тиюі мүмкін. Жалған ақпарат тарату, қорқыту, кемсіту, кибербуллинг жасау немесе өзгенің жеке мәліметтерін рұқсатсыз жариялау – жай ғана «әзіл» немесе «виртуалды әрекет» емес, оның нақты құқықтық салдары болуы ықтимал.

Сондықтан жас ұрпаққа цифрлық сауатпен қатар құқықтық мәдениет те қажет.

Жастар заңды құрметтеген сайын олардың болашаққа деген сенімі де артады. Өйткені тәртіпті қоғам – жастардың қауіпсіз өсіп, сапалы білім алып, өз қабілетін еркін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін орта.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы