Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Заң алдындағы теңдік – әділдіктің негізі

Заң алдындағы теңдік – әділдіктің негізі

29 қаралым

Заң мен тәртіптің ең басты қағидаларының бірі – заң алдындағы теңдік.

Адамның әлеуметтік жағдайына, қызметіне, материалдық мүмкіндігіне немесе қоғамдағы орнына қарамастан, заң талабы бәріне бірдей болуы тиіс. Бұл – әділетті мемлекеттің негізгі өлшемдерінің бірі.

Әділеттілікке деген сенім – қоғам тұрақтылығының аса маңызды факторы.

Азамат өз құқығы қорғалатынына, заңның әділ қолданылатынына сенсе, мемлекетпен арадағы байланысы да нығая түседі.

Сондықтан заң үстемдігі дегеніміз – тек құқық бұзған адамды жазалау емес. Заң үстемдігі – азаматтың құқығын қорғау, әділетсіздікке жол бермеу, заңды талаптардың баршаға бірдей орындалуын қамтамасыз ету.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы