Перейти к содержимому

Әрбір азаматтың дауысы маңызды

33 қаралым

Мен ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, бүгінде зейнеткерлік демалыста жүрген азамат ретінде еліміздегі әрбір маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға бейжай қарамаймын. Соның бірі – Құрылтай сайлауы. Бұл – елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерді талқылайтын, халықтың пікірін жеткізетін азаматтарды іріктеуге бағытталған жауапты кезең деп есептеймін.

Өмірлік тәжірибемнен түйгенім, мемлекет тек халықтың бірлігі мен өзара сенімі болған жағдайда ғана дамиды. Сондықтан Құрылтай құрамына елдің қамын ойлайтын, халықтың мұң-мұқтажын тыңдайтын, әділдік пен жауапкершілікті басты орынға қоятын азаматтардың сайланғанын қалаймын. Олар өңірлердегі өзекті мәселелерді көтеріп, елдің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін нақты ұсыныстар енгізеді деп сенемін.

Бүгінгі таңда қоғамда жастарды тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды сақтау, ауылдардың дамуы, әлеуметтік қолдау, білім мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру сияқты маңызды мәселелер бар. Осындай түйткілдер Құрылтай алаңында кеңінен талқыланып, ел игілігі үшін тиімді шешімдер қабылданса, бұл бүкіл қоғам үшін пайдалы болмақ.

Әрбір азаматтың дауысы мен пікірі маңызды. Сондықтан Құрылтай сайлауына жауапкершілікпен қарап, белсенділік таныту қажет деп ойлаймын. Бұл – болашақ ұрпақтың жарқын келешегі үшін жасалатын маңызды қадам. Біз тәуелсіздіктің қадірін білетін аға буын ретінде еліміздің тұрақтылығы, бірлігі мен дамуы жолындағы игі бастамалар әрдайым қолдау табуына тілектеспіз. Құрылтай жұмысы елдің өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына және қоғамдағы келісімнің нығаюына өз үлесін қосады деп сенемін.

Тұрсынбай ӘЛІМБАЙ,

Кеген ауданының Құрметті азаматы