Кейбір қылмыстардың алдын алуға болады. Ол үшін қауіптің алғашқы белгілерін дер кезінде байқап, жағдайға бейжай қарамау маңызды. Әсіресе отбасындағы жанжал мен зорлық-зомбылық сырт көзге көрінбей, ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда, ең бастысы – мәселені жасырып қалмау. Қорқыту, күш көрсету, қысым жасау немесе адамның еркіндігін шектеу қалыпты жағдай ретінде қабылданбауы тиіс. Мұндай әрекеттер қайталана берген жағдайда оның салдары ауыр болуы мүмкін.
Сондықтан зорлық белгілерін байқаған азамат тиісті органдарға хабарлаудан тартынбағаны жөн. Қоғамның міндеті – жәбірленушіні кінәлау емес, оған қолдау көрсету және қауіптің одан әрі өршуіне жол бермеу. Үнсіздік кейде мәселені шешпейді, керісінше оны ушықтырады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
