Нашақорлық – адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына, ортасына және тұтас қоғамға әсер ететін күрделі мәселе. Әсіресе жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуі қажет.
Қазіргі кезде есірткіге қатысты қауіп интернет пен әлеуметтік желілер арқылы да таралуы мүмкін. Кейбір жарнамалар қауіпті заттарды «оңай ақша табудың» немесе «қызықтың» бір түрі ретінде көрсетуге тырысады. Алайда оның артында адамның өмірі мен болашағына қауіп төндіретін тәуелділік тұруы мүмкін.
Бұл мәселеде отбасы мен мектептің, қоғам мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы маңызды. Жасөспіріммен ашық сөйлесу, оның ортасына көңіл бөлу және бос уақытын пайдалы ұйымдастыру – қауіпті жолдан сақтандырудың тиімді тәсілдерінің бірі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
