Алкогольді шамадан тыс пайдалану адамның өзіне ғана емес, оның жақындарына да кері әсер етеді. Уақыт өте келе ол отбасындағы жанжалға, тұрмыстық мәселелерге, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне және түрлі құқық бұзушылықтарға себеп болуы мүмкін.
Мұндай мәселенің алдын алу тек тыйым салумен шектелмейді. Адамның бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау, спорт пен мәдени шараларға тарту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау маңызды.
Әсіресе отбасының қолдауы ерекше рөл атқарады. Ішімдікке тәуелділік белгілері байқалған жағдайда мәселені жасырып қоюдың орнына, мамандардың көмегіне жүгінген дұрыс. Өйткені кез келген мәселені ертерек шешу оның ауыр салдарға жеткізуіне жол бермейді.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
