Перейти к содержимому

Қауіпсіздік неден басталады?

32 қаралым

Қоғамдағы қауіпсіздік тек полицияның немесе басқа да мемлекеттік органдардың міндеті емес. Ол – әр азаматтың күнделікті әрекетінен қалыптасатын ортақ құндылық. Ауладағы тәртіпке бейжай қарамау, күдікті жағдайды дер кезінде хабарлау, қоғамдық орындардағы ережені сақтау – қауіпсіз ортаны қалыптастырудың қарапайым, бірақ маңызды қадамдары.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тұрғындармен тығыз байланыс орнатуға ерекше мән беріп отыр. Халықпен кездесулер, профилактикалық түсіндіру жұмыстары, учаскелік инспекторлардың қызметі және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою – қоғам мен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтудың тетіктері.

Қауіпсіздік мәдениеті әр адамнан басталады. Азамат өзіне ғана емес, айналасындағыларға да жауапкершілікпен қарағанда ғана қоғамда тәртіп пен тұрақтылық орнығады.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ