Жеке меншікке қол сұғу азаматқа материалдық шығын ғана емес, психологиялық тұрғыдан да қиындық әкеледі. Сондықтан мүліктің қауіпсіздігіне алдын ала көңіл бөлген жөн. Үйдің есігіне сапалы құлып орнату – қарапайым, бірақ тиімді сақтық шараларының бірі. Ұзақ уақытқа үйден кететін жағдайда көршілерге ескертіп қойған дұрыс. Көліктің ішінде бағалы заттарды көзге көрінетін жерде қалдыру да қауіпті. Телефон, әмиян немесе құжаттарды қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмаған жөн. Бейнебақылау мен күзет дабылы ұрлықтың алдын алуға көмектеседі. Мүлік жоғалған жағдайда полицияға дереу хабарлау қажет. Құжаттарды, банк карталарын және басқа да маңызды заттарды қауіпсіз жерде сақтау керек. Қарапайым сақтықтың өзі үлкен шығыннан қорғауы мүмкін.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ
