Перейти к содержимому

Алаяқтардың арбауына түспеңіз

30 қаралым

    Телефон арқылы хабарласатын немесе әлеуметтік желіде жазатын алаяқтар азаматтарды түрлі тәсілмен алдауға тырысады. Кей жағдайда олар өзін банк қызметкері, полиция өкілі немесе белгілі бір ұйымның маманы ретінде таныстырады. Негізгі мақсаттары – адамның сеніміне кіріп, құпия ақпаратқа қол жеткізу. Банк қызметкерлері картадағы құпия кодты немесе SMS арқылы келген растау кодын сұрамайды. Сондықтан мұндай мәліметтерді ешкімге айтуға болмайды. Интернеттен жылдам әрі көп пайда табуды ұсынатын жобаларға да мұқият болған жөн. Қаржы салымын жасамас бұрын компанияның заңды мәртебесін тексеру қажет. Күмәнді сайттар мен белгісіз адамдар жіберген сілтемелерді ашпаған дұрыс. Алаяқтыққа тап болған жағдайда уақыт жоғалтпай банкке және құқық қорғау органдарына жүгіну керек. Ақша мәселесінде асығыс шешім қабылдамау – ең қарапайым қорғаныс тәсілі.

    Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ