Қоғамдық тәртіптің сақталуы әр азаматтың күнделікті әрекетіне байланысты. Заң талаптарын орындау арқылы адам ең алдымен өзінің ғана емес, айналасындағы адамдардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қоғамда белгіленген ережелер адамның еркіндігін шектеу үшін емес, баршаға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру үшін қажет. Қоғамдық орында өзін дұрыс ұстау, тыныштықты сақтау, ортақ мүлікке зиян келтірмеу – қарапайым талаптар болғанымен, олардың маңызы зор.
Тәртіп сақталған жерде адамдардың өзара сенімі де артады. Ал әр азамат өз міндетіне жауапкершілікпен қараса, құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік көбейеді. Заң мен тәртіпті сақтау – тек мемлекеттік органдардың жұмысы емес. Бұл – қоғамның әр мүшесіне ортақ жауапкершілік. Тәртіпке бағыну арқылы әр адам елдегі тұрақтылыққа өз үлесін қосады.
Құралбек СӘБИТОВ
