Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қауіпсіз орта — жалпының жауапкершілігі

Қауіпсіз орта — жалпының жауапкершілігі

13 қаралым

Қауіпсіздік туралы сөз болғанда көп жағдайда құқық қорғау органдарының жұмысы ойға келеді. Алайда қауіпсіз ортаны қалыптастыруда тұрғындардың өзара қарым-қатынасы мен жауапкершілігінің де орны ерекше. Көшеде, аулада немесе қоғамдық орында өзгелердің құқығын құрметтеу – қауіпсіздіктің қарапайым шарты. Адамдардың бір-біріне түсіністікпен қарауы ұсақ жанжалдардың үлкен мәселеге айналуына жол бермейді.
Қоғамдық орындардағы тәртіпке назар аудару, күмәнді жағдайды елемеу емес, оны тиісті орынға жеткізу де маңызды. Мұндай қырағылық құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді. Қауіпсіздік әр адамның күнделікті әдетінен басталады. Сондықтан ортақ тыныштықты сақтау – біреудің емес, баршаның міндеті.

Құралбек СӘБИТОВ