Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алкогольдің салдары ауыр екенін ұмытпа!

Алкогольдің салдары ауыр екенін ұмытпа!

11 қаралым

Кейде ішімдікке немқұрайлы қарау қарапайым әдеттен үлкен мәселеге айналып жатады. Балқаш ауданында заң талаптарын түсіндіру барысында алкоголь өнімдерін белгіленбеген орындарда сату мен қоғамдық орындарда мас күйде жүруге жол бермеу мәселелері де назарда. Тәртіп сақшылары тұрғындарға заң бұзушылықтың салдарын ескертіп, сауда орындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Себебі бір адамның жауапсыз әрекеті айналасындағылардың тыныштығына әсер етуі мүмкін. Қоғамдық тәртіпті сақтау – тек полицияның емес, әр азаматтың ортақ міндеті.

Алтынай СЕЙІТКЕН