Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Талғардағы қауіпсіздік – бәрімізге ортақ

Талғардағы қауіпсіздік – бәрімізге ортақ

3 қаралым

Тұрғындардың қауіпсіздігі тек полицияның жұмысына қарап қалмауы тиіс. Талғар ауданында қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Көшеде, аулада немесе қоғамдық орында тәртіпсіздікке тап болған азаматтың дер кезінде хабар беруі талай келеңсіздіктің алдын алуы мүмкін. Қауіпсіз орта өздігінен қалыптаспайды, оны тәртіпті сақтайтын тұрғындар қалыптастырады. Сондықтан «Заң мен тәртіп» – ұран ғана емес, күнделікті өмірде орындалуы тиіс ортақ қағида.

Ерзат АСЫЛ