Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Интернет алаяқтан сақтанудың жолы – қырағылық

Интернет алаяқтан сақтанудың жолы – қырағылық

3 қаралым

Қазір алаяқтың құралы – қару емес, телефон мен интернет болуы мүмкін. Талғар ауданында тұрғындарға интернет алаяқтықтың кең тараған тәсілдері түсіндіріліп, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақ болу ескертілуде. Алаяқтар өзін банк қызметкері, полиция өкілі немесе мемлекеттік орган маманы ретінде таныстырып, азаматтарды асықтырып, жеке мәліметтерін алуға тырысады. Сондықтан банк картасының нөмірін, құпия сөзді және SMS арқылы келген кодты бөгде адамға айтуға болмайды. Бір сәттік сенім кейде жылдар бойы жинаған қаражаттан айырылуға әкелетінін әр тұрғын есте ұстағаны жөн.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ