Перейти к содержимому

Қызмет сапасын жақсарту міндеті тұр

35 қаралым

Бүгінгі таңда нотариустардың алдында тұрғындарға нотариаттың қоғамдық пайдасын көрсетіп, кәсіби деңгейді арттырып, қызмет сапасын жақсарту міндеті тұр.
Қазақстан нотариаты заңға адал қызметкер ретінде құқықтық жүйеде және азаматтық қоғамды қайта құруда елеулі нәтижелерге ұмтылған белсенді ұйым болып қала бермек. Алматы облысы нотариаттық палатасының нотариусы Гауһар Әбжәмілқызы жыл басынан бері аймақта нотариустарға қарсы бірде-бір қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғалғалмағанын айтты.

Нотариат саласындағы «Заң мен тәртіп» қағидаты біз үшін құқықбұзушылықтардың алдын алудан, құқықтық сауаттылықтан және әрбір нотариустың жауапкершілігінен басталады. Біздің мақсатымыз – жай ғана ереже не заңға қайшы әрекеттерге жауап беру емес. Керісінше заңсыздықтардың алдын алатын жүйе құру. Өйткені нағыз тәртіп бұл қолданылған жазалардың саны емес. Заң мен тәртіпке қайшы әрекеттердің туындамауынан көріледі, – деді ол.

Ерзат АСЫЛ