Алматы облысының Әділет департаменті Жамбыл ауданының Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.
Іс-шараға адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және заң кеңесшілері қатысты. Акция аясында азаматтарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және іске асыруға қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық қызмет, азаматтық-құқықтық қатынастар және өзге де құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңестер берілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Ерзат АСЫЛ
