Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Конституция – ел тұрақтылығының негізі

Конституция – ел тұрақтылығының негізі

32 қаралым
жаңа конституция

Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін басты құжат. Қазақстан Республикасының Конституциясы елдегі қоғамдық қатынастардың маңызды қағидаттарын белгілеп, мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершіліктің негізін қалыптастырады.

Ата Заңда адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде танылған. Бұл – әрбір азаматтың заң алдында тең екенін және оның құқықтары мемлекет тарапынан қорғалатынын білдіреді. Сонымен қатар Конституция азаматтарға құқықтармен бірге белгілі бір міндеттер де жүктейді.

Қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сақталуы заң талаптарын құрметтеуге тікелей байланысты. Заңға бағыну тек мемлекеттік органдардың емес, әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Өз құқығын білетін және өзгенің құқығын құрметтейтін қоғамда құқықбұзушылықтың алдын алуға, дау-дамайды өркениетті жолмен шешуге мүмкіндік мол.

Бүгінде «Заң мен тәртіп» қағидатының мәні де осында. Заң үстемдігі орнаған жерде азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, мемлекет институттарына деген сенім нығаяды.

Сондықтан Конституцияны құрметтеу – елді, оның болашағын және әр азаматтың құқығын құрметтеу деген сөз. Ата Заң талаптарын сақтау – тұрақты әрі қауіпсіз қоғам құрудың маңызды шарты.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ