Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Экранның ар жағындағы сілтеме көптеген құрбандыққа әкелуі мүмкін

Экранның ар жағындағы сілтеме көптеген құрбандыққа әкелуі мүмкін

5 қаралым

Телефонға келген бір хабарлама, әлеуметтік желідегі тартымды ұсыныс немесе бейтаныс адамның қоңырауы адамның қаржылық жағдайын бірнеше минутта өзгертіп жіберуі мүмкін.

Интернет-алаяқтықтың ерекшелігі де осында. Қылмыскерлер адамның сеніміне кіріп, асығыс шешім қабылдатуға тырысады. «Шотыңыз бұғатталды», «ұтыс ұтып алдыңыз», «қауіпсіздік үшін кодты айтыңыз» деген сияқты хабарламалар көпшілікке таныс болғанымен, алаяқтардың әдістері үнемі өзгеріп отырады.

Қаржылық пирамидалар да адамдардың тез әрі оңай табыс табуға деген қызығушылығын пайдаланады. Жоғары пайдаға уәде беріп, жаңа адамдарды тартуға негізделген схемалар азаматтарды қаржылық шығынға ұрындыруы мүмкін.

Сондықтан цифрлық дәуірдегі басты қорғаныс – қырағылық. Банк картасының деректерін, құпия кодтарды және SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге бермеу қажет.

Интернеттегі әр ұсыныс – мүмкіндік емес. Кейде экранның ар жағында мұқият дайындалған тұзақ тұруы мүмкін.

Қаржылық қауіпсіздік қарапайым қағидадан басталады: күмәндансаңыз – асықпаңыз, тексеріңіз.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ