Қонаев қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір тұрғынның жауапкершілігінен басталады. Алкогольді шамадан тыс тұтыну көптеген құқықбұзушылықтар мен келеңсіз оқиғалардың себебіне айналуы мүмкін. Мас күйінде жасалған жанжал, төбелес, жол-көлік оқиғасы немесе отбасындағы түсініспеушілік бір сәттік әрекеттің ауыр салдарға әкелетінін көрсетеді. Сондықтан ішімдікке қатысты мәселені тек жеке адамның таңдауы деп қарауға болмайды. Бұл – отбасы тыныштығына және қоғамдық тәртіпке де әсер ететін маңызды мәселе. Қолданыстағы заңнамада қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішуге және адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық адамгершілік нормаларын қорлайтындай мас күйде болуға қатысты жауапкершілік қарастырылған.
Қонаев қаласының тұрғындары демалыс пен көңіл көтеру мәдениетінде де жауапкершілікті бірінші орынға қоюы қажет. Әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт пен пайдалы бос уақытты көбейту – ішімдікке тәуелділіктің алдын алудың тиімді жолдарының бірі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
