Перейти к содержимому

Есірткі – болашаққа төнген қауіп

3 қаралым

Есірткі – жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіретін үлкен мәселе. Қонаев қаласында бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстардың маңызы ерекше. Қалада нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланып, өңірдегі алдын алу жұмыстарының басым бағыттары айқындалды.

Есірткінің зияны туралы түсіндіруді тек ұранмен шектеуге болмайды. Әсіресе синтетикалық есірткінің қауіптілігі, оның жастарды интернет арқылы арбау тәсілдері туралы нақты ақпарат беру қажет. Үйдегі сенімді қарым-қатынас, баланың ортасына көңіл бөлу және оның бос уақытын тиімді ұйымдастыру – алдын алудың маңызды тетіктері.

Есірткіге қарсы күрес – тек полицияның міндеті емес. Бұл іске ата-ана, мұғалім, дәрігер, қоғамдық ұйымдар және әрбір азамат ортақ жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Алтынай СЕЙІТКЕН