Перейти к содержимому

Қоғамдық тәртіп – ортақ міндет

12 қаралым

Қауіпсіз қала ең алдымен қоғамдық тәртіпті құрметтеуден басталады. Қонаев қаласының көшелері, аулалары, саябақтары мен демалыс орындары – баршаға ортақ кеңістік. Сондықтан қоғамдық жерде өзін мәдениетті ұстау, өзгелердің тыныштығын бұзбау және заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті.

Қалада ірі мәдени-көпшілік іс-шаралар кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, Қонаевтағы ірі концерттердің бірінде жүздеген полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жұмылдырылған.

Алайда қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарының жұмысымен шектелмейді. Тұрғындардың құқық бұзушылыққа бейжай қарамауы, күмәнді жағдай туралы дер кезінде хабарлауы және өзара құрметті сақтауы да маңызды. Тәртіпке бағыну – қорқыныштан емес, қоғамдық жауапкершіліктен туындауы керек.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ