Тату отбасы – тұрақты қоғамның тірегі. Ал отбасындағы зорлық-зомбылық сол тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Күш көрсету тек дене жарақатымен өлшенбейді. Қорқыту, кемсіту, үнемі бақылау және психологиялық қысым да адамға ауыр зардап әкелуі мүмкін.
Мұндай жағдайға тап болған адам өзін жалғыз сезінбеуі керек. Заңнамада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбірленушілерді қорғау және оларға қажетті көмек көрсету шаралары қарастырылған.
Қонаев қаласының тұрғындары отбасындағы жанжалға «өздерінің жеке мәселесі» деп қарамауы тиіс. Кейде дер кезінде көрсетілген көмек ауыр жағдайдың алдын алады. Балалардың көзінше болатын жанжал мен зорлық олардың психологиялық жағдайына да кері әсер етеді.
Отбасындағы сыйластық пен түсіністік – қауіпсіз қоғамға бастайтын маңызды құндылық.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
