Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Заңды құрметтеу – қауіпсіз өмірдің кепілі

Заңды құрметтеу – қауіпсіз өмірдің кепілі

31 қаралым

«Заң мен тәртіп» қағидаты күнделікті өмірден басталады. Ол көшеде тәртіп сақтау, қоғамдық орындарды ластамау, ішімдікке байланысты құқық бұзушылыққа жол бермеу, есірткіден бас тарту және отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру сияқты қарапайым әрекеттерден көрінеді.

Қонаев қаласында қауіпсіз орта қалыптастыру үшін профилактикалық жұмыстар мен құқықтық түсіндірудің маңызы зор. Есірткіге қарсы күрес, алкогольдің зиянын түсіндіру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау – өзара байланысты бағыттар. Қазақстанда 2026–2028 жылдарға арналған есірткіге қарсы кешенді жоспардың жүзеге асырылуы да профилактика мен қоғамның белсенді қатысуына басымдық береді.

Заңды сақтау – тек жауапкершіліктен қашу емес, өзіңнің, отбасыңның және айналаңдағы адамдардың қауіпсіздігін қорғау. Тәртіпке құрмет – тыныш өмірдің, ал ортақ жауапкершілік – қауіпсіз Қонаевтың негізі.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ