Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Бір минуттық ойлану көп нәрсені сақтап қалуы мүмкін

Бір минуттық ойлану көп нәрсені сақтап қалуы мүмкін

28 қаралым

Телефонға келген хабарлама, жолдағы асығыс шешім немесе бейтаныс адамның ұсынысы – сырттай қарағанда күнделікті өмірдің қарапайым сәттері. Бірақ дәл осындай сәттер кейде үлкен қауіпке әкелуі мүмкін.

Интернет алаяқтар адамның асығыстығын пайдаланады. «Қазір шешім қабылдаңыз», «кодты дереу айтыңыз», «ақшаңызды қауіпсіз шотқа аударыңыз» деген сөздер жәбірленушіні ойландырмауға бағытталған. Сондықтан күмәнді жағдайда әңгімені тоқтатып, ақпаратты қайта тексерген жөн.

Дәл сондай жауапкершілік жолда да қажет. Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, телефонға алаңдау немесе жол белгісін елемеу – бірнеше секунд үнемдеуі мүмкін, бірақ оның салдары орны толмас болуы ықтимал.

Мүлікке қатысты да қарапайым сақтық маңызды. Үйдің есігін ашық қалдыру, көлікті қараусыз жерде қалдыру, әлеуметтік желіде ұзақ уақыт үйде болмайтыныңызды жариялау ұрлық қаупін арттыруы мүмкін.

Қауіптің алдын алу көбіне күрделі шарадан емес, қарапайым әдеттен басталады.

Бір минут ойланып әрекет ету кейде ақшаны да, мүлікті де, ең бастысы адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ