Перейти к содержимому

Көшедегі тәртіп – мәдениеттің айнасы

3 қаралым

Қоғамдық орындардағы тәртіп – қаланың сыртқы көрінісі ғана емес, тұрғындардың құқықтық мәдениетінің көрсеткіші.

Ауладағы тыныштық, көшедегі тазалық, жол ережесін сақтау, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау – күнделікті өмірдің қарапайым талаптары. Бірақ осы қарапайым нормалардың бұзылуы кейде үлкен мәселеге ұласады.

Мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзу, жанжал шығару, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру сияқты әрекеттердің алдын алу үшін құқықтық жауапкершілікпен қатар, азаматтық мәдениетті де қалыптастыру қажет.

Қоғамдық қауіпсіздікке тұрғындардың өздері де үлес қоса алады. Ауладағы күмәнді жағдайды дер кезінде хабарлау, балалардың қауіпсіздігіне назар аудару, бөтеннің мүлкіне құрметпен қарау – ортақ тәртіпті нығайтады.

Ал жолдағы тәртіп – осы мәдениеттің маңызды бөлігі. Жүргізуші де, жаяу жүргінші де өз міндетін орындағанда ғана жол қауіпсіз болады.

Қауіпсіз қоғам полициядан басталып, азаматтың жауапкершілігімен жалғасады.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ