Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / «Тегін» дүниенің артында қандай есеп бар?

«Тегін» дүниенің артында қандай есеп бар?

2 қаралым

Әлеуметтік желіде «сыйлық ұтып алдыңыз», «жеңілдікке ие болдыңыз», «аз ғана қаржы салып, бірнеше есе пайда табасыз» деген ұсыныстар жиі кездеседі. Адам үшін мұндай хабарламаның тартымды болуы заңды. Алайда дәл осы қызығушылықты алаяқтар өз пайдасына жаратады.

Жалған дүкендер мен жалған акциялар да интернеттегі қауіптің бір түрі. Сапалы жасалған сайт пен кәсіби көрінетін жарнама азаматтың күмәнін сейілтуі мүмкін. Ал төлем жасалғаннан кейін байланыс үзілсе, ақшаны қайтару қиынға соғады.

Сондықтан интернеттен тауар немесе қызмет сатып алмас бұрын сатушы туралы ақпаратты тексеру, пікірлерге назар аудару, күмәнді сілтемелерге өтпеу маңызды.

Ең бастысы, «мұндай мүмкіндік қайта келмеуі мүмкін» деген ойға ермеу. Алаяқтар көбіне дәл осы асығыстықты пайдаланады.

Шын мәнінде, күмәнді ұсыныстан бас тарту – ештеңеден ұтылу емес. Керісінше, өз қаржыңды қорғаудың ең дұрыс шешімі болуы мүмкін.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ