Біз көбіне қоғамдағы тәртіпті мемлекеттік органдардың қызметімен байланыстырамыз. Әрине, құқық қорғау органдарының жұмысы аса маңызды. Бірақ қоғамдағы тәртіпті тек бір саланың қызметімен қамтамасыз ету мүмкін емес.
Мұнда білім беру ұйымдарының, мәдениет ошақтарының, отбасының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың және әрбір азаматтың өзіндік орны бар.
Әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігі ерекше. Газет-журналдар халыққа ақпарат беріп қана қоймай, қоғамдық санаға ықпал етеді. Сондықтан заң мен тәртіпті насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру – журналистиканың да маңызды міндеттерінің бірі.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы
