Перейти к содержимому

Баршамызға ортақ міндет

38 қаралым

Бүгін Қарасай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Аталған тазалық жұмыстарына аудан жастары, белсенді азаматтар, мемлекеттік қызметшілер және табиғат жанашырлары қатысып, тау бөктерін қоқыстан тазарту, аумақты абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысты. Қарасай ауданында бұл бастама тұрақты түрде жалғасып, қоршаған ортаны қорғаумен қатар, тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған. «Тазалық – бір күндік жұмыс емес, ол әр адамның күнделікті мәдениетінен басталады. Табиғатты таза ұстау, қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, туған жердің әрбір аумағына жанашырлықпен қарау – баршамызға ортақ міндет. Туған жерге деген сүйіспеншілік сөзбен емес, нақты іспен көрінеді», – дейді шараға қатысушылар.

Ерзат АСЫЛ