Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Тыныш аула – ортақ жауапкершіліктің нәтижесі

Тыныш аула – ортақ жауапкершіліктің нәтижесі

24 қаралым

Қауіпсіздік дегенде көпшілік полиция қызметкерін, патрульдік көлікті немесе бейнебақылау камерасын елестетеді. Алайда қауіпсіз орта тек бақылаумен қалыптаспайды. Оның негізінде тұрғындардың өзара жауапкершілігі мен құқық қорғау органдарымен байланысы жатыр.

Бүгінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде алдын алу жұмысына басымдық беріліп келеді. Оның мәні – қылмыс жасалғаннан кейін әрекет ету емес, оған алып келетін себептерді ертерек анықтау. 2026 жылдан бастап құқықбұзушылық профилактикасына қатысты жаңа заңның күшіне енуі де осы бағыттағы жүйелі тәсілді күшейтті.

Бұл жұмыста тұрғындардың да рөлі бар. Ауладағы жарықтың жеткіліксіздігі, қараусыз қалған орындар, қоғамдық тәртіптің бұзылуы немесе күмәнді жағдайлар дер кезінде айтылса, көптеген мәселенің алдын алуға болады.

Полиция мен қоғам арасындағы байланыс неғұрлым ашық болған сайын, қауіпсіздік те соғұрлым нығая түседі. Өйткені өз ауласын, көшесін, ауданын тұрғынның өзінен артық білетін адам аз.

Қауіпсіздік – біреудің сырттан келіп орнатып беретін жағдайы емес. Ол әр ауладағы тәртіптен, әр азаматтың белсенділігінен басталады.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ