Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Мас күйдегі бір әрекет өмірдегі ең үлкен өкішінке әкеп соғуы мүмкін

Мас күйдегі бір әрекет өмірдегі ең үлкен өкішінке әкеп соғуы мүмкін

17 қаралым

Алкогольдің әсері тек адамның денсаулығымен шектелмейді. Ол адамның шешім қабылдауына, мінез-құлқына және айналасындағылармен қарым-қатынасына әсер етуі мүмкін.

Мәселенің қауіптілігі – мас күйдегі адамның өз әрекетінің салдарын толық бағалай алмауында. Жолға мас күйінде шығу, қоғамдық орында жанжал жасау немесе отбасындағы жанжалдың ушығуы ауыр құқық бұзушылықтарға алып келуі мүмкін.

Сондықтан алкогольдің алдын алу – тек салауатты өмір салтын насихаттау емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің де бір бағыты.

Әсіресе отбасы жағдайына назар аударған жөн. Алкогольді шамадан тыс тұтыну тұрмыстық жанжалдардың ушығуына себеп болатын факторлардың бірі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда зорлық-зомбылыққа жол бермеу және мәселені ерте кезеңде шешуге көмектесу маңызды.

Жолдағы қауіп те дәл осындай. Мас жүргізуші өз өмірін ғана емес, жаяу жүргіншілер мен басқа жүргізушілердің өмірін де тәуекелге тігеді.

«Бір реттен ештеңе болмайды» деген немқұрайлы түсінік кейде орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.

Ал алдын алу – сол өкінішке жеткізбейтін ең дұрыс жол.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ