Заң мен тәртіптің негізін қоғамнан іздесек те, оның тамыры отбасында жатыр. Әке мен ананың баласына айтқан ақылы, күнделікті ісі, адамдармен қарым-қатынасы баланың дүниетанымына тікелей әсер етеді.
Бала үлкендердің заңға қалай қарайтынын көріп өседі. Жол ережесін сақтай ма? Қоғамдық орында өзін қалай ұстайды? Өзгенің құқығына құрметпен қарай ма? Уәдесінде тұра ма? Өз қатесін мойындай ма?
Осындай қарапайым әрекеттер баланың бойында үлкен өмірге қажетті мінез қалыптастырады.
Сондықтан тәртіпті қоғам құрудың ең тиімді жолдарының бірі – жауапкершілігі жоғары отбасылардың қатарын көбейту.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы
