Перейти к содержимому

Талап бар жерде тұрақтылық бар

3 қаралым

Қауіпсіз қоғам құру – тек полиция қызметкерлерінің немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес. Қоғамдық тәртіпті сақтау әрбір азаматтың заңға құрметпен қарауынан басталады.

Көшеде, қоғамдық орындарда және тұрғылықты мекенжайларда тәртіп сақтау – мәдениетті қоғамның белгісі. Өзгенің тыныштығын бұзбау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, құқықбұзушылыққа бейжай қарамау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тұрғындар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімнің маңызы зор. Күдікті жағдайларды дер кезінде хабарлау, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне көңіл бөлу, көршілермен ынтымақтастық орнату – қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.

«Заң мен тәртіп» қағидаты әр азаматтың құқықтары мен міндеттерін түсінуін талап етеді. Заңды сақтау – қорқыныштан емес, қоғам алдындағы жауапкершіліктен туындауы тиіс.

Тәртіп бар жерде – тұрақтылық, қауіпсіздік бар жерде – сенімді болашақ бар. Сондықтан қоғамдық қауіпсіздікке әркім өз үлесін қосуы қажет.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ