Перейти к содержимому

Жылдамдық – өмірге төнген қауіп

3 қаралым

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі. Әрбір жүргізуші жолға шыққанда өз өмірі үшін ғана емес, өзге адамдардың қауіпсіздігі үшін де жауапты екенін ұмытпауы керек.

Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, жол қозғалысы ережелерін сақтамау, көлікті мас күйінде басқару – орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Кейде бірнеше секундтық асығыстық адамның тағдырын түбегейлі өзгертіп жатады.

Жолдағы тәртіп жүргізуші мен жаяу жүргіншінің өзара жауапкершілігін талап етеді. Жол белгілеріне назар аудару, белгіленген жылдамдықты сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу және көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолданбау – қарапайым болғанымен, өмірді сақтайтын талаптар.

Балалардың жол қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінуі қажет. Ата-аналар мен ұстаздар жас ұрпаққа жолдан дұрыс өту ережелерін үйретіп, жеке үлгі көрсетуі тиіс.

Жылдамдықты азайту – уақыт жоғалту емес, өмірді сақтау. Жолдағы тәртіп – баршамыздың қауіпсіздігіміздің кепілі.

Жаухар АМАНГЕЛДИЕВА