Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Блогер Алпамыс Жарылқасынов дауыс берді

Блогер Алпамыс Жарылқасынов дауыс берді

166 қаралым

Жастар арасында танымал блогері әрі қоғам белсендісі Алпамыс Жарылқасынов та сайлау учаскесіне барып, өз азаматтық таңдауын жасады.

Алпамыс Еңбекшіқазақ ауданында 1996 жылы дүниеге келген. Есік қаласындағы Райымбек батыр атындағы орта мектептің түлегі. Белсенді жас әлеуметтік желіде бүлдіршіндері спортқа және кітап оқуға баулуды мақсат еткен. Оқырман саны – 284 мың.

Оның айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам.

Өз таңдауын жасау арқылы әр азамат қоғамның дамуына өз үлесін қоса алады.

Әр таңдау маңызды. Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес!

↑