Мирас пен Құралай Бекжановтар – қазақ эстрадасында отбасылық дуэт ретінде кеңінен танылған өнер иелері. Мемлекет үшін маңызды күнде Мирас Бекжанов Қарасай ауданындағы сайлау учаскесіне келіп, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады. Ол бүгінгі саяси науқанның маңыздылығына тоқталып, әрбір азамат үшін мұндай тарихи сәтте өз пікірін білдіру маңызды екенін айтты.
– Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Әр адам елінің болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын. Сондықтан Құрылтай сайлауына арнайы келіп, өз дауысымды бердім. Бұл – біздің мемлекетіміздің ертеңіне деген жауапкершілігіміз,– деді ол.
Өнер иесінің айтуынша, мұндай маңызды шешімдер халықтың бірлігі мен белсенділігі арқылы қабылданады. Ол барша тұрғындарды ел тағдырына қатысты маңызды саяси науқандарға белсенді қатысуға шақырды.