Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Құйған балықшылары өз таңдауын жасады

Құйған балықшылары өз таңдауын жасады

33 қаралым

Балқаш ауданы су және биологиялық ресурстарға бай өлке. Мұнда балық шаруашылығы ежелден жергілікті тұрғындардың дәстүрлі кәсіптерінің бірі саналады. Сондықтан Құрылтай депутаттарын сайлау күні сайлаушылар арасында күнделікті еңбегі көлмен, сумен және өңірдің балық байлығын сақтаумен байланысты жандарды көрудің өзіндік мәні бар.

Құйған ауылындағы №118 сайлау учаскесіне жергілікті «Рыбпром» балық шаруашылығының балықшылары келіп, өз таңдауларын жасады.