Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Ана тілегімен басталған сайлау

Ана тілегімен басталған сайлау

31 қаралым

Іле ауданы, Боралдай кентіндегі №339 сайлау учаскесінде сайлау күні тағылымы мол, ерекше көрініс орын алды. Округтік «Аналар кеңесінің» төрайымы Мархаба Қаламбаева сайлау учаскесіне арнайы келіп, ақ жаулықты ананың ақ батасын арнады.

Мархаба апа учаскеге шашу шашып, елдің бірлігі мен берекесін, сайлаудың сәтті өтуін тілеп, көпшілікке ізгі ниетін білдірді. Ана жүрегінен шыққан ақжолтай тілектер сайлау учаскесіндегі жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Өз кезегінде №339 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері ел ағасы мен ақ жаулықты аналардың батасын қадір тұтып, Мархаба Қаламбаеваның иығына қазақы дәстүрмен шәлі жапты. Сонымен қатар, анаға ұлтымыздың ұлы ойшылы, хәкім Абай Құнанбайұлының қара сөздер жинағын тарту етті.

Бұл – сайлау күніндегі қарапайым ғана сыйластық емес, үлкенге құрмет, анаға тағзым, ұлттық құндылықты дәріптеудің жарқын үлгісі. Ақ батамен басталған сайлау күні ел игілігіне бастар ізгі қадамға ұлассын деген ниет білдірілді.