Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алатау қаласында үйде дауыс беру ұйымдастырылды

Алатау қаласында үйде дауыс беру ұйымдастырылды

31 қаралым

Бүгін еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси шара аясында Алатау қаласында сайлаушылардың өз азаматтық таңдауын жасауына барлық қажетті жағдайлар жасалуда.

Денсаулық жағдайына байланысты немесе басқа да заңнамада көзделген себептермен сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын азаматтар үшін үйде дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылды.

Алатау қаласы бойынша үйде дауыс беруге өтініш білдірген азаматтардың үйлеріне сайлау комиссиясының мүшелері барып, дауыс беру рәсімін белгіленген тәртіппен өткізуде. Процесс сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес, ашықтық пен заңдылық қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылуда.

Үйде дауыс беру – әр азаматтың конституциялық сайлау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды тетік. Бұл ретте сайлаушылардың таңдау еркіндігі мен дауыс беру құпиялылығы толық қамтамасыз етіледі.

Алатау қаласында сайлау күні азаматтардың белсенділігі жоғары. Тұрғындар өздерінің азаматтық ұстанымын білдіріп, елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосуда.

Әр дауыс – ел болашағына жасалған таңдау.