Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Туған күні дауыс беру күнімен тұспа-тұс келді

Туған күні дауыс беру күнімен тұспа-тұс келді

60 қаралым

Алматы облысының сайлау учаскелерінде «Құрылтай және менің туған күнім» атты ерекше челлендж өтті. Оған 23 тамызда туған күні мен Құрылтай сайлауына қатысуы тұспа-тұс келген тұрғындар қатысты.

Акцияның бастамашысы – Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Балжан Досалы. Идеяны сайлау учаскелері де қолдады. Туған күн иелерін құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасылық амандық және табыс тіледі. Осылайша, сайлау күні олар үшін тағы бір есте қаларлық сәтке айналды.

Меншікті мерекенің сайлаумен тұспа-тұс келуі туған күн иелеріне ерекше көңіл күй сыйлады.

Сайлау күні де «Таза Қазақстан» акциясы жалғасты

Өтеген батыр ауылында сайлау учаскелері жұмысын бастаған кезде, елдімекеннің өзге бөліктерінде күнделікті тіршілік жалғасып жатты. «Таза Қазақстан» акциясына шыққан тұрғындар көшелер мен қоғамдық орындарды тазалап, ауыл аумағын ретке келтірді.

Экологиялық акция барысында белгіленген аумақтар қоқыстан тазартылып, көше бойлары мен тұрғындар жиі жүретін қоғамдық кеңістіктерге санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Таза Қазақстан» акциясы Өтеген батырда бұған дейін басталған абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарының жалғасы болды.

Қатысушылар бірнеше аумақты ретке келтіріп, жиналған қоқысты шығарды. Негізгі назар қоғамдық орындардың тазалығына аударылды.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру жүріп жатқанда, ауылдың сыртында да тіршілік тоқтаған жоқ. Өтеген батырда 23 тамыздың тазылық көрінісі осындай болды.