[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қазан 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Сарбаз болу – әр жігітке жарасады

    02.11.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Идеология, Қорғаныс, Құқық-заң, Мәдениет, Өңір тынысы
    Сарбаз болу – әр жігітке жарасады
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Қазан айында ҰҚК Шекара қызметінің сапын толықтырғандарына көп болмаған «Күз-2023» шақырылымының сарбаздары Отанына адал қызмет етуге ант берді. Қалың жұртшылық қатысқан салтанатты рәсім Алматы облысы бойынша департаментінің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында есте қаларлықтай болып өтті.

    Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің күз айында әскерге шақырылған жас сарбаздарға арналған шара Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында өтті. Мұнда 400-ден аса сарбаз Отан алдындағы серттеріне селкеу түсірмеуге серт берді.

    Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Ә.Каюповқа шекара басқармасының бастығы полковник А.Бектасов рапорт берді. Содан кейін департамент бастығының бұйрығымен, Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

    Күні ертең ұлт айбарына айналатын сарбаздарымыздың қуанышына ортақтасу үшін жиналған жұртшылықтың санында есеп жоқ. Еңбектеген баладан – еңкейген қарияға дейін бар. Сонымен қатар, бүгінгі рәсімге Шекара қызметінің тарихына есімі алтын әріппен жазылған полковник Т.Стамбековтің әпкесі Гүлнара Мұхаметқалиқызы да арнайы келіпті. 2012 жылдың желтоқсанында әуе апатынан қазаға ұшыраға саңлақ сардар бір кездері аталмыш шекара басқармасын басқарған болатын…

    Республика халқына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтынан тікелей эфир арқылы көрсетілген шара сарбаздардың ант қабылдауынан кейін салтанатты жиынға ұласты. Мұнда департамент бастығы полковник Әлібек Каюпов қолдарына нағыз қару ұстап, Отан оғландарының қатарына қосылған сарбаздардың Ант қабылдау секілді маңызды қадамдарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының белсенді мүшелерінің бірі запастағы полковник Дәулетқали Мамырханов, мәртебебелі қонақтардың бірі Гүлнара Стамбекова, ата-аналар атынан қатардағы жауынгердің атасы Арқалық Тұрғанбеков, сарбаздың анасы Әсем Тұрсыновалар сөз сөйледі. Бұдан кейін кезек қатардағы жауынгерлер Қуаныш Арқабай және Дулат Буралкиевтерге берілді. Қос сарбаз мінбер үстінде ата-ана, туыстарының өздеріне бірдірген сенімдеріне селкеу түсірмейтіндеріне сөз беріп қана қоймай, сап түзеген қаруластарын да осындай жауапты міндеттің үдесінен шығуға шақырды.
    Осының барлығы сарбаздармен бірге сапқа тұрған «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубы мүшелерінің көз алдында өтіп жатқан.

    Бұдан әрі салтанатты мереке әскери шерумен жалғасты. Шеруді шекара басқармасының бастығы полковник А.Бектасов басқарды.
    Шара соңында Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының арнаулы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобы «мемлекеттік шекара бұзушыларды» ұстаудың әдістерін паш етуге кірісті. Сондықтан орталық алаң бір-ақ сәтте тарсыл-гүрсілге толып, ақырында «қаскөйлер» қолға түсті. Осының барлығы шекарашылар шеберлігінің деңгейі шырқау биікке шыққанын көрсетеді.
    Осының барлығы аяқталып, сарбаздар қаруларын тапсырған соң оларға алыстан ыстық сағынышпен жеткен ата-әже, әке-шеше, бауырларымен қауышуға рұқсат берілді.
    Осылайша, бүгінгі күн – әрбір сарбаздың жүрегінде мәңгі сақталып қалатын болады. Өйткені, осы сәттен бастап, Шекара қызметінің нағыз сарбазына айналған біздің жас оғландарымызға күні ертең Тәуелсіз Қазақстанның шекарасы сеніп тапсырылады.

    Тамара Дәулетбаева,
    Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Көршілерімізді арзан дизельмен “асырап” келеміз

    Қолдан жанармай тапшылығын болдырмау үшін мұнай базалары тексеріледі

    3 years ago
     Оралымды ойлар, парасатты пайымдар…

     Оралымды ойлар, парасатты пайымдар…

    9 months ago
    Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар?

    Академия оқуға қабылдайды

    11 months ago
    Қоқыс өңдеу зауыты салынады

    Қоқыс өңдеу зауыты салынады

    2 years ago
    Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

    Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияларды ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>