Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына апта сайын Кеген ауданының барлық ауылдары үнемі атсалысып, қатысып келеді.
Бүгінгі күні Қарқара ауылдық округінде кезекті «Таза бейсенбі» тазалық жұмыстары жүргізілді.
Мұнда ауыл тұрғындары ауыл аумағын абаттандыру, көшелер мен қоғамдық орындарды тазалау, қоқыстарды жинау және айналаны көркейту жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаға деген құрметтің үлгісін көрсетті.
Тазалық – туған жерге деген құрметтің белгісі.
Ауылымыздың көркейіп, таза әрі жайлы болуы – баршамызға ортақ міндет.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы