Перейти к содержимому

«Заң мен тәртіп» – ортақ құндылық

13 қаралым

Заң мен тәртіп қағидаты қоғамдағы өзара сенім мен қауіпсіздіктің негізін қалыптастырады. Әр адам өз әрекетінің айналасына әсер ететінін түсінгенде ғана жауапкершілік мәдениеті қалыптасады. Балқаш ауданында да қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған профилактикалық шаралар жүргізіліп келеді. Тұрғындардың құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста болуы көптеген құқық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Заңға құрмет отбасынан басталып, мектепте жалғасып, қоғамда қалыптасады. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – баршаға ортақ міндет.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ