Перейти к содержимому

Жолда қателесуге болмайды

5 қаралым

Жол үстіндегі әрбір әрекет жүргізуші мен жаяу жүргіншінің өміріне әсер етеді. Сондықтан көлік тізгіндеген адам ең алдымен жол ережесін сақтауға міндетті. Белгіленген жылдамдықтан асыру, қарсы бағытқа шығу немесе телефонға алаңдау қауіпті жағдайға себеп болуы мүмкін. Жаяу жүргіншілер де жолды арнайы өткелден өтіп, бағдаршам талаптарын орындауы қажет. Балаларға көшеден өту ережесін ерте жастан үйретудің маңызы зор. Әсіресе мектептер мен тұрғын үйлердің маңында көлік жүргізушілері барынша мұқият болғаны дұрыс. Ауа райы қолайсыз кезде жолдағы жағдайды бағалап, жылдамдықты төмендету қажет. Қауіпсіздік белдігін пайдалану да жүргізуші мен жолаушы үшін әдетке айналуы тиіс. Жол қозғалысында бір адамның қателігі бірнеше адамның тағдырына әсер етуі мүмкін. Сондықтан жолға шыққан әр азамат өз қауіпсіздігімен қатар, өзгелердің өміріне де жауапты екенін ұмытпағаны жөн.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ